Мəжіліс валюталық реттеу туралы заң жобасын талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің жетекшілік етуімен Бюро отырысы өтті. Онда жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына «Валюталық  реттеу және валюталық бақылау  туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда енгізу қарастырылды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі,

Мəжіліс валюталық реттеу туралы заң жобасын талқылайды

Құжат Қазақстанның валюталық заңнамасын әлемдік тәжірибені ескере отырып интеграциялық процестерді дамытуға бейімдеуге негізделген.

Сондай-ақ, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға бағытталған «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жұмысқа алу көзделген.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары  осы қоғамдастыққа мүше екінші  мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы және Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың  алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдері белгіленбек.