Macquarie Қазақстан инфрақұрылымдарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Австралияның Macquarie қоры Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламаның ресми сайты.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Macquarie Russia&CIS Infrastructure Fund (MRIF) қорының басшысы Арон Рубин бейсенбі, 12 қыркүйекте, Астанадағы кездесулері барысында таяу уақытта қазақстандық компаниялардың жобаларын егжей-тегжейлі қарауға келісті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Macquarie энергетика, көлік, теміржол, айлақтар мен әуежайлар саласындағы, тұрғын-үй коммуналдық және телекоммуникациялар секторындағы жобаларға қызығушылық білдіруде.
Macquarie-нің басқаруында жалпы капиталы - 101 млрд доллар болатын 46 қор бар, ол әлемдегі инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салып отырған ірі қор болып табылады. MRIF - Қазақстан мен Ресей дің инфрақұрылымдық нысандарына капиталы 630 млн доллар инвестиция салуға бағдарланған алғашқы жеке ірі қор.