«Мадагаскар 3» демалыс күндері Солтүстік Америкада 60 млн. доллар жинады
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - «Мадагаскар 3» анимациялық фильмі тұсаукесерінен кейінгі алғашқы демалыс күндерде-ақ солтүстікамерикалық прокаттың көшбасшысына айналып үлгерді.
Лента.ру сайтының хабарлауынша, мультфильм 8-10 маусым аралығындағы уик-эндте 60,35 млд доллар жинаған.
«Мадагаскардың» үшінші бөлімінде Нью-Йорктағы хайуанаттар бағынан қашып шыққан жануарлар Еуропаға келеді. Бұл бөлім 3D форматта шығып отыр.
Демалыс күндерінің есебі бойынша прокаттағы екінші орынға 50 млн доллармен Риддли Скоттың «Прометей» фильмі табан тіреді.
Үшінші орынға өткен аптаның көшбасшысы болған «Ақшақар мен аңшы» ығыстырылды. Ол 23 млн доллар жинады.