Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мадагаскар аралында ойран салған «Энаво» дауылынан 3 адам опат болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралында «Энаво» дауылы ойран салды. Табиғаттың тосын әрекетінен 3 адам опат болды. Жел сағатына 300 шақырым жылдамдықпен соққан, деп жазады «Хабар 24».

Мадагаскар аралында ойран салған «Энаво» дауылынан 3 адам опат болды

Тропикалық циклоннан Анталаха қаласы қатты зардап шекті. Мұнда ағаштар түп-тамырымен қоса қопарылып, электр бағандары құлаған. Осының салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды. Дауылмен бірге келген нөсердің кесірінен аралдың солтүстік-батысында лай көшкіні жүрді. Қазір жергілікті билік табиғи апаттан келген шығын көлемін есептеуге кіріскен.