Мадагаскар Президенті отставкаға кетті

АНТАНАНАРИВУ. Наурыздың 17-і. ҚазАқпарат – Мадагаскар астанасы – Антананаривуден ел президенті Марк Раваломанана отставкаға кетуге өтініш берді,

Мадагаскар Президенті отставкаға кетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру. агенттігіне сілтеме жасап.Әскери күштің оппозиция қатарына өтіп кетуіне байланысты, астананың бұрынғы мэрі Андре Раджуэлин жетекшілік ететін оппозициялық күшті жеңуге оның ендігі жерде ешқандай да мүмкіндігі қалмады. Бұрынғы мемлекет басшысы қазіргі уақытта Антананаривуден 12 шақырым қашықтықта орналасқан өзінің қала сыртындағы резиденциясында отыр. Жүздеген жақтастары оны қорғау үшін «тірі қалқан» құрып, бұрынғы президенттің резиденциясын қоршауда ұстауда.