Мадагаскар президентіне қастандықтың жолы кесілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадагаскар прокуратурасы бейсенбі күні ел президенті Андри Радзуэлинаға жасалмақ болған қастандықтың жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мадагаскар президентіне қастандықтың жолы кесілді

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, бірнеше адам қамауға алынған. Олардың қатарында Мадагаскар азаматтары да, шетелдіктер де бар.

Агенттікке ақпарат берушінің хабарлауынша, ұсталғандардың ішінде екі француз болған.