Мадагаскарда 1 мыңға жуық адам циклоннан зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Мадагаскардағы «Дикеледи» тропикалық циклоны салдарынан кем дегенде 2 адам із-түзсіз жоғалып, 915 адам жараланды, деп хабарлайды ТАСС.

Мадагаскар, Африка
Фото: pixabay.com

Табиғи апаттан зардап шеккен адамдар туралы алдын ала мәліметтерді orangeactu порталы Тәуекелдер және апаттарды басқару ұлттық бюросына сілтеме жасап жариялады. 

Мадагаскардың солтүстік және шығыс бөлігінде жылдамдығы 140 км/сағ болатын дауылды жел соғып, қатты нөсер жауды. Носи-Бе аралы мен Амбре мүйісі мен Бесалампи қаласы арасындағы елді мекендер зардап шекті. Воэмар және Мароанцетра қалаларынан 751 адам шұғыл түрде эвакуацияланды.

Еске салсақ, 2023 жылы Циклон салдарынан Мадагаскарда мыңдаған адам эвакуацияланды

Ал 2024 жылдың наурызында Мадагаскардың солтүстігінде «Гамане» циклоны соғып, 14 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады. 

Соңғы жаңалықтар