Мадагаскарда 65 адам «Ирина» тропикалық циклонының құрбаны болды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Мадагаскарда 65 адам қуатты «Ирина» тропикалық дауылының құрбаны болды. Бұл туралы елдің Ұлттық төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Апат салдарынан әсіресе Мадагаскардың шығыс жағалауы елеулі зардап шекті. Мұнда сағатына 200 шақырымға жеткен дауылды желдің екпіні үйлерді қиратып, ағаштарды құлатты. Аралдың 70 мыңнан астам тұрғыны үйлерін тастап шықты, бірнеше адам хабар-ошарсыз кетті.

Мұнда қазан айынан наурызға дейін жалғасатын жаңбыр маусымы Мадагаскарда бірнеше ондаған циклондарды туындатады. Ақпан айының ішінде ғана «Джованна» дауылының салдарынан 30-дан астам адам құрбан болды. Соңғы жылдардағы ең күшті 2008 жылғы «Иван» дауылы жүзден астам арал тұрғындарының өмірін қиып кетті, жүздеген мың адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар