Мадагаскарда XVII ғасырда өмір сүрген теңіз қарақшысының қазынасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңіз түбін зерттеумен айналысатын археологтар Мадагаскар жағалауынан кесек күміс тауып алды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Мадагаскарда XVII ғасырда өмір сүрген теңіз қарақшысының қазынасы табылды

Ғалымдардың пікірінше, қазына XVII ғасырда өмір сүрген шотландиялық атақты теңіз қарақшысы Уильям Киддтің байлығы болуы мүмкін. Мадагаскардың шығысындағы Сент-Мари аралдары жағасынан табылған, салмағы - 50 келі. Табылған қазына Мадагаскар президентіне салтанатты түрде табыс етілді. 1695 жылы Капитан Кидд Британия үкіметі тарапынан Англиямен жауласқан елдердің сауда кемелерін тонауға ресми түрде рұқсат, патент алған. 5 жыл бойы ол Кариб теңізі мен Үнді мұхитында кемелерді тонап, елдің үрейін қашырған. Кейін Британия тағына қастандық қылып, 1701 жылы ұсталған, Лондонда өлім жазасына келді.