«Мәдени Азиада» ауқымында Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының гала-концерті болып өтті
Еске сала кетсек, «Мәдени Азиада» ауқымында бір апта ішінде елордада ұлттық мәдениеттен көрініс беретін бірқатар іс-шаралар болып өтті.
Сенбі күні кешке өткізілген оркестрлердің гала-концерті Астана қаласындағы «Мәдени Азиада» жобасын қорытындылады.
Көрермендер - елорданың тұрғындары мен қонақтарына, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен спортшыларына басында ұлттық аспаптарда жеке бағдарламалар ұсынылып, одан кейін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен барлық сүйіп тыңдайтын шығармалар орындалды.
Өздерінің концерттік бағдарламаларымен сахнада қазақ халық аспаптарының оркестрі, үрлемелі, симфониялық оркестрлер, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Әншілер академиясы» камералық оркестрі, Ғ.Жұбанов атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, «Тілеп» қобызшылар квартеті өз өнерлерін көрсетті.