Мәдени іс-шараларға қатыспайтын үй шаруашылықтарының үлесі жоғары деңгейде қалып отыр - Статистика

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Статистика агенттігінің ағымдағы жылдың тамыз айында   Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасына жүргізген біржолғы зерттеу қорытындыларына қарағанда, еліміздегі мәдени іс-шаралардың қолжетімділігі анықталып, ол 73,6 пайызды құрады.
None
None

  Еске сала кетейік, сұрауға 12 мың үй шаруашылықтарының басшылары қатысты. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Сондай-ақ бұл ретте мәдени іс-шараларға қатыспайтын үй шаруашылықтарының үлесі жоғары деңгейге ие - 46,7 пайыз. Олардың ішіндегі 14,3 пайызы мәдени мекемелерге бармаудың себебі ретінде осы іспеттес іс-шараға қызығушылықтарының жоқ екендігін белгілеген», - делінген баспасөз хабарламасында.

 Сонымен қатар, сұрау қорытындылары бойынша респонденттердің 14,6 пайызын ауыз судың сапасы, 33,6 пайызын үй шаруашылықтарын қоршаған ортаның жағдайы қанағаттандырмайтын болып шықты. Бұл ретте олардың үлес салмағының көп бөлігі өздерінің балаларының болашақ өмірін пессимистік тұрғыдан бағалаған үй шаруашылықтарына келеді.

«Зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 4,4 пайызы өздерін қауіпті сезінеді. Бұл орайда жеке қауіпсіздікке сенім деңгейі табыс деңгейінің азаюына қарай төмендейді, яғни төмен табысты үй шаруашылықтары едәуір ауқаттыларға қарағанда жоғары қауіпті сезінеді. Оларға көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұсынуда қанағаттану деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын бөлу кезінде денсаулық сақтау жүйесіндегі, жоғары білім беретін, сондай-ақ  жәрдемақы, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын ұйымдардың қызметтерімен ең аз қанағаттанған. Бұл орайда мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігіне барынша қанағаттануды жоғары табысты үй шаруашылықтары сезінетіндігін атап кету қажет», - делінген агенттік мәліметтерінде.

     Сонымен қатар, үй шаруашылықтары басшыларының 75,2 пайызы өз өмірлеріне қанағаттанғандықтарына қарамастан тек 53,5 пайызы  үй шаруашылықтары экономиканың жағдайына қанағаттану деңгейі бойынша елдегі экономикалық жағдайын оң бағалаған. Бұл орайда 24,5 пайызы  қанағаттанбағандықтарын және 22 пайызы жауап беруге қиналғандықтарын білдірген. Бұл ретте мемлекеттік салымдардың басым бағыттары бойынша сұраққа 40,1 пайыз үй шаруашылықтары денсаулық сақтауды, 20,4 пайызы - білім беруді, 18,8 пайызы - тұрғын үй құрылысын белгілеген.

Тоқтала кететін жайт, Статистика агенттігінің зерттеу құралы болып үй шаруашылықтарының үш табыс деңгейі бойынша мыналар анықталды:

 - табыстың төмен деңгейі (тіпті тамаққа да жетпейді; тамаққа жетеді, бірақ біз киім сатып алу, пәтер ақы төлеуде қиындық көреміз);

     - табыстың орташа деңгейі (тамаққа және киімге жетеді, бірақ біздің ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ; тамаққа, киімге және ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға жетеді, бірақ машина, пәтер, саяжай және тағы басқа сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ);

     - табыстың жоғары деңгейі (барлық қажеттіні сатып алуға жеткілікті).

 

Соңғы жаңалықтар