Мәдени-тарихи құнды бұйымдар шекарадан қалай өткізіледі

Мәдени-тарихи құнды бұйымдар шекарадан қалай өткізіледі
Фото: ҚР Ұлттық музейі

АСТАНА. KAZINFORM – Құнды немесе сирек кездесетін заттар мен бұйымдарды шекарадан алып өту талаптары және оған төленетін кеден құны туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары түсіндіріп өтті.

«Мәдени-тарихи құнды бұйымдарды шекарадан алып шығу немесе алып кіру үшін мемлекеттік құзырлы органдардан қорытынды талап етіледі. Ол бұйымды шекарадан асыруға немесе әкелуге берілген рұқсат. Кеден органдары мәдени құнды бұйымдарды анықтаған жағдайда сол құжатқа сүйенеді», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев ведомствода өткен брифингіде.

Аталған комитеттің Тарифтік реттеу және құн басқармасының басшысының орынбасары Құралай Асаубаеваның айтуынша, мәдени-тарихи құнды бұйымдарды шекарадан алып өтуге қатысты құнды кедендік орган айқындайды.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны 2017 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы халықаралық шартқа (ЕАЭО КК) сәйкес.

«Тауарлардың кедендік құны, кедендік транзит, кеден қоймасы кедендік рәсімі, жою кедендік рәсімі, мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімі немесе арнайы кедендік рәсім кедендік рәсіміне орналастырылған кезде айқындалмайды. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны еліміздің Кедендік кодексіне сәйкес айқындалады. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер анық, сандық түрде айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс», - дейді маман.

Соңғы жаңалықтар