Мәдениет министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа маңызды үндеу жасады.

Аида Балаева
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл — алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!, — деді Балаева.

Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды. 

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еріктілер қозғалысының белсендісі, қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуге пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар