Мәдениет министрі Елбасыға жеке көрмесін өткізуді ұсынды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке көрмесін өткізуді ұсынды.

Мәдениет министрі Елбасыға жеке көрмесін өткізуді ұсынды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Мен атап өткім келгені, Мемлекет басшысы көркемсуретті жақсы көреді және өзінің де керемет қабілеті бар. Меніңше, біз Елбасының енді жеке көрмесін өткізуге оны иландыра алатын шығармыз. Президенттің ол туындылары аса қызықты екендігін атап өткім келеді», - деді министр Астанадағы «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылуында.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, «Ел қолдаған Елбасы» экспозициясында ҚР Президенті Н.Назарбаев тұлғасының сан түрлі қырларын көрсететін қызықты және тосын фотосуреттер: Елбасының ой-толғау үстіндегі, қазақстандық отбасылармен, балалармен, қала және ауыл еңбеккерлерімен кездескен қуанышты сәттері, сондай-ақ белгілі суретшілердің портреттік еңбектері қойылған. Көрме 7 желтоқсанға дейін жалғасады.