Мәдениет министрі: Ұлт Жоспары аясында ауқымды кино және тележобалар жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт Жоспары аясында ауқымды кино және тележобалар жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.

Мәдениет министрі: Ұлт Жоспары аясында ауқымды кино және тележобалар жасалады

«Ұлт Жоспары аясында 2015-2020 жылдарға арналған ауқымды кино және теледидар жобаларын жасау үшін «Мәңгілік Ел» атты кешенді жоспар қабылданды. Бұл маңызды тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғалар, елдің, қазіргі заманғы бай әрі бірегей тарихи және мәдени мұраны үздік мысалдармен насихаттауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісі мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер талқыланды. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департамент директорлары, БАҚ қатысқан болатын.