Мәдениет саласының өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің дәрежесін көтеріп жүруі тиіс - Бибігүл Төлегенова
МАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Мен 60 жылдан бері өнер саласында өз шығармашылығыммен ана тілім - қазақ тілін мадақтап, жырлап келемін және сахнаға шыққан барлық елде Отанымның дәрежесін көтерудемін. Мәдениет саласының өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің дәрежесін көтеріп жүруі тиіс. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова мәлімдеді.
Халық әртісі саясаттан алыс екендігін атап өтіп: "Менің кәсіби кредом - мен қызмет ететін жоғары өнерім. Мен өз ана тілімді және Отанымды барлық жерде жырлап келемін. Мен бүкіл әлемді шарлап қайттым. Концерт берген әр елде, өз ана тілім- қазақ тіліндегі әндерді орындаймын. Ол біріншіден еліме деген, осы елдің халқына деген құрметім",-деді ол.
Сонымен қатар Б. Төлегенова: "Қазақстандықтар көп ұлтты мемлекетте, ұлтына қарамастан барлық азаматтардың құқығы құрметтелетін мемлекетте тұрады",-деп атап өтті. "Мен бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінде болдым. Сол себепті, сеніммен, біз Елбасының саралы саясатының арқасында береке-бірлік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз деп айта аламын. Бейбіт өмір - біздің бақытымыз бен байлығымыз. Мәселен, менің отбасым -көпұлтты. Өз арамызда орыс тілінде сөйлесеміз. Өйткені, бірі татар, бірі орыс, бірі ұйғыр, венгр, поляк, еврей. Менің әкем қазақ болса, анам- татар. Сондықтан қазақ, татар, орыс тілі - менің ана тілдерім",-деді ол.