Мәдениет және ақпарат министрі «Хабар» агенттігінде болды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық ғимаратында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр онда агенттіктің тыныс-тіршілігімен, олардың атқарып жатқан істерімен және болашақ жоспарларымен танысты. Агенттік басшылары телеарнаның жетістіктері және бүгінгі қалыптасып отырған мәселелер жөнінде баяндады. Мұхтар Құл-Мұхаммед өз кезегінде агенттіктің шет мемлекеттердегі тілшілер қосынын көбейту, «КаspioNet» спутниктік арнасындағы хабарларды шетелдік оның ішінде еуропалық көрермендердің назарына бейімдеу, агенттік өкілдерінің еліміздегі кәсіби журналистерді даярлайтын оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектерін қамқорлығына алу, агенттіктің телебағдарламаларын мүмкіндігінше мемлекеттік тілде жүргізу сияқты өзге де бірқатар мәселелер бойынша тиісті міндеттер қойды. Сонымен қатар ол еліміздің жарқын бет-бейнесін әлем жұртшылығына жеткізу мақсатында сапалы материалдар дайындауды тапсырды. Бұған қоса елімізде 2011 жылы өтетін Қысқы Азия ойындары мен Астана қаласы күніне орай ұйымдастырылатын шараларды насихаттау телеарнаның басты назарында болуы қажеттігін ескертті. Ведомство басшысы жалпы агенттік атқарып жатқан жұмысқа қанағаттанатындығын білдірді. ««Хабар» - еліміздегі жетекші телеарналардың бірі. Осыған орай оған бүгінде артылатын жауапкершіліктің де салмағы ауыр. Ал министрлік агенттік тарапынан ұсынылған кез-келген бастаманы қолдауға дайын», - деді М.Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар