Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тілінің он-лайн мектебін құруды жүзеге асырмақ

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тілінің он-лайн мектебін құруға бастама жасап, ол жұмыстарды жүргізуді қолға алды.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев айтты.

Вице-министрдің айтуынша, он-лайн мектепті құру мәселесі өз шешімін тапса, мемлекеттік тілді оқыту ісіне серпін берері сөзсіз.

«Қазіргі таңда әлемді іс жүзінде интернет мүмкіндігі арқылы оқытуды ұсынатын ұқсас жобалар баршылық. Біз өз жобамызға үлгі ретінде дүние жүзі бойынша 400-ден астам мектебі мен 5 млн.-нан астам тыңдаушысы бар әлемдегі ең ірі жеке білім беру компаниясы саналатын «Эдикейшн Фесттің» он-лайн мектебін алып отырмыз», - дейді Арман Қырықбаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда жобаның техникалық экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. «Жоба қолдау тапқан жағдайда оны іс жүзіне асыру келесі жылдан басталмақ», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум