12:44, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәдениет және ақпарат министрлігінде өткен кеңесте Елбасының «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Мәдениет және ақпарат министрлігінде ақпанның 19-ында өткен кеңесте Елбасының «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев, Премьер-Министр Кеңсесі жетекшісінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері мен жетекші отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. Кеңес барысында мемлекеттің ақпараттық саясатының өзекті мәселелері мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда қазақстандық медиа-саланы дамытудың ортақ үрдістері талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, мемлекет медиа-қоғамдастықты дамытуға үлкен назар аударып отыр, ол үшін қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайлар жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың нақты тетіктері жасалған.Жиналған қауым сондай-ақ, Елбасының тұғырнамасын жүзеге асыруға медиа-қоғамдастық пен мемлекеттің күш-жігерін жұмылдыру қажеттілігі туралы ұсыныс білдіре келе, осы бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше ролін атап көрсетті.