Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде ақпараттық, мәдени, тіл салаларындағы жұмыстардың басымдықты бағыттары қаралды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада республикалық мәдени мекемелердің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісі өтті.

Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің алқа мәжілісінде    ақпараттық,  мәдени,   тіл  салаларындағы жұмыстардың басымдықты бағыттары  қаралды

Отырыс мәдени-ақпараттық саланың Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

Мәжілісте сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жиналған қауымның назарын ақпараттық, мәдени және тіл салаларындағы атқарылатын жұмыстардың басымдық бағыттарына аударды.

Алқалы отырыс сонымен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдардың белсенділігін арттыру, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру, тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу, т.б. мәселелерді талқылады.