Мәдениет және спорт қайраткерлері коронавируспен жұмыла күресуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интеллигенция өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырып, видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Видео Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына үндеуін қолдауға бағытталған.

Олардың айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан ауқымды шаралар қабылдануда және бұл қиындықты бірлесе отырып еңсеретін боламыз.

«Қазақта сөз бар «сақтансаң, сақтаймын» деген. Бұл індетке қарсы ел, мемлекет болып қорғануымыз қажет. Мұндай кезде сасқалақтап, ұшқалақтыққа ұрынып, індетті күшейтіп алмауымыз керек. Барынша тәртіпке бағынып, дәрігерлердің айтқан нұсқаулығын орындайық. Бұл қиындықты да біріге отырып еңсереміз», - деді ақын Несіпбек Айтұлы.

«Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Роман Старченко өз жанкүйерлеріне осынау қиын кезде бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. «Бұл – коронавирус пандемиясына орай қабылданған уақытша шара. Біз қашанда сіздердің қолдауларыңызды сезініп келеміз. Біз жақсы ойын көрсетіп, сіздерді қуантқымыз келеді. Осы кезеңде бізді, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар», - дейді хоккеист Р. Старченко.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Гюзел Манюрова мемлекет тарапынан қабылданған шараларды қолдауға шақырды. Оның сөзінше, барлық спорттық шаралар тоқтатылды. Алайда, бұған қарамастан біздің спортшылар сайыстарда жақсы нәтижелер көрсету үшін жаттығып жатыр. «Құрметті достар, қазір коронавирус әлемнің көптеген елінде таралуда. Мен біздің елімізде бұл індетті жеңетініне сенемін. Жеке тазалықты сақтаңыздар. Қиындықты тек бірлесе отырып ғана еңсереміз», - деп атап өтті Г. Манюрова.








Соңғы жаңалықтар