Мәди Манатбек «Отандастар қорының» вице-президенті болды
«Отандастар қоры» АҚ Үкімет қаулысымен 2017 жылдың қазанында құрылды. Шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау мақсатында осындай қор құру туралы тапсырманы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген болатын.
Қордың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысады. Оның мемлекеттік акция пакетінің 50% иелену және қолдану құқығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне берілсе, қалған жартысы ҚР Сыртқы істер министрлігіне бекітілді.
М.Манатбек бұған дейін отандық масс-медиа саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Соңғы жұмыс орны - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ еншісіндегі және «Қазақ радиосы», «Шалқар» ұлттық арнасы, «Астана», «Классик» радиоларын бір арнаға тоғыстырған «Қазақ радиолары» ЖШС-да бас директор. Бұл қызметте ол 2017 жылдың ақпаны - 2018 жылдың қыркүйегі аралығында болды.