Мәди Тәкиевтің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәди Тәкиевтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

министр финансов РК Мади Такиев
Фото: UKIMET/Telegram

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов М. Тәкиевтің басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Қаржы министрі лауазымына Мәди Тәкиев тағайындалды.

1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алды.

2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.