Мәдіғали Қарсыбеков: Универсиадада алмаған алтынды Әлем кубогынан күтеміз

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бүгін шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Универсиадада алмаған алтынды Әлем кубогынан күтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдіғали Қарсыбеков: Универсиадада алмаған алтынды Әлем кубогынан күтеміз

Бүгін Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі басталады. 12 ақпанға дейін жалғасатын аламанда Қазақстан шорт-трекшілері барын салып, бас жүлдеге таласпақ.

Әлеуметтік желі арқылы сауалымызға жауап берген бас бапкер Қарсыбеков: «Дәл қазіргі уақытта Минск мұз айдынында жарысқа дайындалып жатырмыз. Алматыда өткен Универсиада ойындарында 1 күміс және 3 қола медальмен шектелдік. Мақсатымыз бір алтын еді. Өкінішке қарай сәттілік жолдас болмады. Енді осы әлем кубогында бар күш-жігерімізді жұмсап, алтын алуға тырысамыз», - деп атап өтті.