Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова тұрмыс құрды, деп хабарлайды «31 арна».
Телеарнаның мәліметтері бойынша, әртіс некеге 8 қаңтарда тұрған. Әзірге некені тек ресми тіркеуден өткізген жас жұбайлар тойды кейін жасамақ ойлары бар. Ал оның қай уақытта ұйымдастырылатыны белгісіз. Мәдинаның таңдаған жары - Олжас Смағұлов, «Ел арна» телеарнасының қоюшы-режиссері.