08:40, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Мадияр Әшкеев кәсіби рингте төртінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев әзербайжандық қарсыласы Исмат Эйнуллаевты екінші раундта нокаутқа жіберді.
Жекпе-жек Екатеринбург қаласында ресейлік Сергей Ковалев пен малавилік Айзек Чилемба айқасының андеркартында өткен. Ресейлік боксшы төрешілердің шешімімен бірауыздан IBF және WBO бойынша әлем чемпионы және WBA жартылай ауыр салмақтағы (79,4 келіге дейін) әлемнің «суперчемпионы» атағын сақтап қалды.
Еске сала кетейік, бұл Мадияр Әшкеевтің кәсіби рингтегі төртінші күресі. Барлық ойында Мадияр жеңіске жеткен және екі ойында қарсыласын нокаутқа жіберген.