Мадияр Әшкеев WBC титулы үшін 43 рет жеңіске жеткен аргентиналықпен айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық боксы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО) ертең, таңғы уақытта өзінің кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Мадияр Әшкеев WBC титулы үшін 43 рет жеңіске жеткен аргентиналықпен айқас алдында  салмақ өлшеуден өтті

Бұл Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласындағы бокс кешінің ең тартымдысы болмақ. Басты жекпе-жектегі оның қарсыласы -37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинес (43-8-3, 16 КО).

Бәйгеге бірінші жартылай орта салмақтағы WBC (UNSBC) тұжырымы бойынша бос тұрған АҚШ чемпионы титулы тігіліп отыр. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Айқас алдында, кеше қарсыластардың екеуі де міндетті салмақ өлшеу процедурасынан сәтті өтті.