Мадияр Әшкеев WBC титулы үшін 43 рет жеңіске жеткен аргентиналықпен айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қарашада Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласында қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО) кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Мадияр Әшкеев WBC титулы үшін 43 рет жеңіске жеткен аргентиналықпен айқасады

BoxRec.com ақпаратына сәйкес, Әшкеевтің қарсыласы 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинес (43-8-3, 16 КО) болмақ. Кездесу сегіз раундқа есептелген. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақтағы WBC (UNSBC) тұжырымы бойынша бос тұрған АҚШ чемпионы титулына таласады.