Мадонна әлемнің 60-тан астам қаласында ән салады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - MDNA халықаралық турнесін Израильден бастаған әлемге әйгілі Мадонна енді әлемнің 60-тан астам қаласына бармақ, деп жазады BNews.kz

Мадонна әлемнің 60-тан астам қаласында ән салады

Халықаралық әлемдік турнесінің аясында Израильде ән салған Мадонна Таяу Шығысқа бейбітшілік тілеген.

Рамат-Гане стадионында екі сағат өнер көрсеткен Мадонна өзінің жаңа әндерімен қатар, бірнеше ескі хиттарды орындаған.

Өз шоуының ортасына келгенде ол 30 мың халықтың алдында: «Таяу Шығыста бейбітшілік орнаса, бүкіл әлем бейбітшілікте өмір сүретін еді», - деп мәлім етті.

Мадоннаның гастрольдік сапары желтоқсан айына дейін жалғасады, әнші әлемнің 60-тан астам қаласында ән салады.

«Мен әлемдік турнемді өте ерекше әрі өте маңызды мақсатпен Израильден бастадым. Сіздер білетіндей, Таяу Шығыста мыңжылдықтар бойы болып жатқан шиеленістер тоқтауы керек», - дейді Мадонна.