Мадонна қасиетті Құранға ден қойды

«Мен мұсылман елдерінде қыз балаларға арналған мектептің құрылысымен айналысып жатырмын әрі Құранды оқу үстіндемін. Маған барлық қасиетті кітаптар маңызды»,- деді Harper's Bazaar-ға берген сұхбатында.
Мадонна өміріне үлкен өзгеріс әкелген иман нұрына байланысты, яғни, темірден жасалған «ниқаб»-қа ұқсас киім үлгісіне қатысты өз тыңдармандарының наласы мен назасына қалған еді. Оның бұл суретінің төменгі жағында «Махаббат революциясы... ИншаАллаһ» деген жазу тыңдармандарының наразылығына тап болған еді.
Жұлдызды тұлғаның асыл дінімізге деген қызығушылығын Брахим Зайбат есімді мұсылманның оятқанын айта кету керек. Өткен жылы әлемдік медиа олардың жұбын жариялаған еді. Ондағы Мадоннаның шариғат шәлісін жамылған фотосуреті бірден әлем жұртшылығының назарын аударған болатын.