Мадонна соңғы 20 жылдағы ұлы орындаушы деп танылды
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - VH1 арнасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша Мадонна музыка саласындағы ұлы әйел деп танылды, деп хабарлады Лента.ру сайты.
Тізімге 1990, 2000 және 2010 жылдары альбомдарын шығарып, әндер шырқаған орындаушылар ғана енгізілді. Осы кезеңде Мадонна жеті студиялық күйтабақтарын шығарған: "Erotica", "Bedtime Stories", "Ray of Light", "Music", "American Life", "Confessions on a Dance Floor" және "Hard Candy".
Қазіргі күндері Мадонна өзінің кезекті 12-ші альбомын шығаруға әзірлеуде. VH1 құрастырған 100 адамнан құралған тізімнің алғашқы ондығына мына орындаушылар енгізілген.
- Мадонна
- Мэрайа Кэри
- Бейонсе
- Леди Гага
- Адель
- Уитни Хьюстон
- Джанет Джексон
- Кристина Агилера
- Мэри Джей Блайдж
- Пинк