Мадрид мастерс турнирі: Бублик пен Шевченко кімдермен ойнайды

александр бублик
Фото: instagram.com/bublik/

МАДРИД. KAZINFORM — 24 сәуір – 5 мамыр аралығында Мадридте өтетін мастерс турнирінде қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Шевченконың қарсыластары анықталды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бубликтің рейтингісі жоғары болғандықтан, жарысты екінші айналымнан бастайды. 

А.Бублик әлемнің 54-ракеткасы, германиялық Доминик Кёпфер немесе рейтингіде 68-орындағы испаниялық Роберто Карбальес-Баэнаның қай жеңгенімен кортқа шығады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко алғашқы айналымда рейтингіде 77-сатыдағы франциялық Артур Риндеркнешпен өзара мықтыны анықтайды.

Егер одан өткен жағдайда әлемнің 3-ракеткасы, Мадрид мастерс турнирінің өткен жылғы чемпионы, испаниялық Карлос Алькараспен сынға түседі. 

Өткен жылы А.Бублик Мадридте екінші айналымнан аса алмаса, А.Шевченко тіпті қатыспаған екен. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадридке келген Елена Рыбакина өзіне сенетінін айтқан болатын.  

Соңғы жаңалықтар