Мадрид полициясы Рим Папасының сапарына қарсы топты қуып таратты
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Мадрид полициясы Рим Папасы Бенедикт XVI-нің Испанияға келуіне қарсы шыққан шерушілерді қуып таратты. 11 адам жарақаттанып, 8 қатысушы қамауға алынды.
Euronews хабарлағандай, Пуэрта дель Соль алаңында кездескен Рим Папасы сапарына қарсылар мен жақтаушылар бір-бірін балағаттады.
Сапарға қарсы топ Папаға немесе Ватиканға ғана емес, сапарға және онымен байланысты іс-шараларға жұмсалатын қаржыға да қарсы екендіктерін мәлімдеді. Бұл Испаниядағы ауыр экономикалық дағдарыспен байланысты.