Мадрид турнирі: Зарина Дияс Олимпиада чемпионымен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс сыйлық қоры 7,5 млн еуро болатын Мадридтегі Premier дәрежесіндегі турнирде пуэрторикалық Моника Пуигке қарсы ойнайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мадрид турнирі: Зарина Дияс Олимпиада чемпионымен ойнайды

Дияс соңғы рет Рабатта итальялық Сара Эрранимен (0:2) ойнаған болатын. Пуиг Монтеррейде өткен соңғы кездесуде венгр спортшысы Тимеа Бабоштан екі сетте де жеңіліп қалған еді. 

Моника Пуиг Риодағы Олимпиадада жұртты шулатып, жеке разрядта алтын медальді иеленген.

Дияс - Пуиг матчы ертең, 6 мамырда өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 14:00-де.