Мадрид: Я.Шведова жұптық сында турнирден шығып қалды
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мадридте өтіп жатқан WTA сериясы турниріндегі жұптық разрядтағы жарысын аяқтады.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Неміс қызы Юлия Гергеспен дуэт құрған қазақстандық спортшы бірінші айналымда Лига Декмейер (Латвия) мен Оксана Калашникованың (Грузия) жұбынан 5:7, 3:6 есебімен ұтылып қалды.
Еске салайық, Шведова жеке сында жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бірінші айналымда ол әлемнің экс-бірінші ракеткасы Каролин Возняцкиді турнирден ығыстырды.