Мадридте 500 келілік бұқа тореадорды таптап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Мадридтегі испандық корридада түсірілген жан түршігерлік кадрлар пайда болды, онда жас тореадор салмағы жарты тоннаға жететін бұқаның тұяғына тапталады.
23 жастағы Даниэль Гарсиа Наварретеге 10 мың адамдық аудитория алдында шабуыл жасалды. Ешкім оны ауыр жараланады деп ойламаса керек. Жануар жас жігітті төрт сүзді: екі рет иегінен және екі рет мойнынан.
Бейнежазбада бұқаның тореадорды әуеде аударып тастағанын және мүйізімен сүзгенін көруге болады. Сол сәтте адамдар бұқаны алдарқату үшін қатты айғайлай бастады. Бірақ еш қайран болмады. Дәрігерлер Даниэльді аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.