Мадридте ем қабылдаған медбике Эбола безгегінен толықтай айығып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания дәрігерлері Эбола безгегіне шалдыққан Тереса Ромеро есімді медбике ауруынан толық айыққанын растады, деп хабарлады ВВС.
Медбике ем қабылдаған Мадридтегі «Карлос ІІІ» аурухана басшылығының айтуынша, төрт күн қатарынан алынған анализ қорытындылары Тереса Ромероның әбден жазылғанын дәлелдеп отыр. Оның Эбола безгегін жұқтырғаны қазан айының басында басында белгілі болған.