Мадридте фермерлер наразылық акциясына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Испания астанасының Пуэрта-де-Алькала алаңында жергілікті фермерлердің наразылық шеруі өтті. Бұл туралы Elpais.com жазды. 

Фермерлер шеру
Фото: elpais.com

Ел астанасына Испанияның әр түкпірінен бес колоннамен 500-ден астам трактор келді. Осы ретте елдің басқа өңірлерінде де диқандардың наразылық акциясы өтті.

Испания астанасындағы шеруді Unión de Uniones аграрлық ұйымы ұйымдастырды. Ол сейсенбі күні түстен кейін Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрлігіне трактор мінген фермерлер келген кезде басталды. 

Испан телеарнасының хабарлауынша, елдің Ауыл шаруашылығы министрі Луис Планас Мадридтегі демонстрацияға үлкен құрметпен қарап, оның «бейбіт және ешқандай зорлық-зомбылықсыз» өтуін қалайтынын білдірді.

Фермерлер Еуропалық Одақтың экологиялық талаптарына, бюрократияның күшеюіне және ауыл шаруашылығы импортының ағынына қарсы екі аптадан астам уақыт бойы наразылық білдіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар