Мадридте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған шара өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін өткізді. Аталған іс-шараға Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілдері, Елшілік қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері белсене қатысты, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Ерғали Бөлегенов мереке күніне арнаған сөзінде осы мерекенің Республикамыздың көпұлттық ел екендігін анық көрсететінін, мемлекет басшылығының жүргізіп отырған саясаты Қазақстанда тұратын ұлттардың этникалық топтарының теңдігін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан дипломаты тыңдармандардың назарын мемлекеттік тіл саясатының құқықтық негізіне, оның ішінде «ҚР тілдері туралы» және «ҚР білім туралы» заңдарына, 2005-2010 жылдарға жоспарланған тілдердің жұмыс істеуі мен дамуы туралы мемлекеттік бағдарламасына аударды. Осымен бірге, Қазақстанда осы тәуелсіздік жылдарында үлкен табыстармен өткізіліп отырған саяси және экономикалық реформалардың еліміздегі тілдердің дамуына еткен оң әсерін белгіледі.

Мерекелеу шеңберінде Елшілікте әр қатысушының қазақ тілін қаншама меңгергендерін көрсететін конкурс ұйымдастырылды. Конкурста қатысушылар өзінің қазақ тіліндегі өнерлерін көрсетті - біреулері қазақша өлеңдер айтып, домбыра тартса, кейбіреулері қазақ халқының белгілі ақындарының дастандарынан үзінділер, мақал-мәтелдер айтып жарысты. Сонымен бірге мерекелі кеште тематикалық фотосуреттер көрмесі көрсетілді.

Мерекелік шараларды бітіру алдында, Испанияда - ұлы Сервантестің жерінде туылған жас нәрестеге, елшілік қызметкерінің баласы, Қазақстан Республикасының азаматына ресми түрде Туу туралы куәлік тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар