Мадридте Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған шара өтті

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшілігі ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай Мадрид каласында «Мұқағали оқулары» шарасын өткізді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған іс-шараға Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілдері, Испанияның көптеген қалаларында оқып жатқан қазақстандық студенттер мен мұғалімдер, оған қоса елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасының елшісі Ерғали Бөлегенов өз сөзінде ақынның өмірбаянына, оның шығармаларына қысқаша тоқталып өтті. Жиналған қауым да М.Мақатаевтың көптеген өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқып берді, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Ұлы ақынға арналған Қазақстанның басқа да ақындарының шығармаларынан үзінділер оқылды.

Сонымен бірге, шара шеңберінде қатысушылардың назарына М.Мақатаевқа арналған көрме ұйымдастырылып, бейнематериалдар көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар