Мадридте жазушы Франсиско Аяла қайтыс болды

Аяла Гранадада туған, құқық, философия және әдебиеттен білім алу үшін 18 жасында Мадридке келеді. Азамат соғысының аяғында ол Испаниядан эмиграцияланады және Оңтүстік Америка мен АҚШ-та бірнеше университеттерде жұмыс істейді.
Аяла 1976 жылы оқытушылық қызметті қойып, тұрақты тұру үшін Испанияға келеді және өмірін толықтай әдебиет пен публицистикаға арнайды.
Аяланың прозалық шығармаларының ішінде «Таң қаларлық» (El hechizado, 1944), «Стақанның түбі» (El fondo del vaso, 1962) романдары, әңгімелер жинақтары, «Есте қалған оқиғалар кітабы» (Recuerdos y olvidos, 1982-1983) мемуары кеңінен танымал. Сонымен қатар, ол әдеби аудармалардың, әлеуметтану және аударма теориясы бойынша жұмыстардың авторы болып табылады.
Аяла 1991 жылы - Сервантес сыйлығын, ал 1998 жылы Астурия ханзадасының әдебиет сыйлығын алды.