Мадридтегі авиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Мадридтегі авиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, 18-і жарақаттанды.
None
None

Ажал құшқан - 34 жастағы ұшқыш. Ал аэродромның бес қызметкеріне және авиашоуды тамашалауға келген 10 адамға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді.

"Саета" ұшағы әуеде сан түрлі акробтикалық қимылдарды орындаған. Солардың бірінде белгісіз себептермен 3 мыңға жуық көрермен жиналған орыннан небәрі 100 метрдей қашықтықта, аэропорт ангарына соғылған.

Сол сәтте өртенген ұшақ маңында болған үш испандық полицейді күйік шалды.

Соңғы жаңалықтар