Мадридтік «Реал» 11-інші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық футбол клубы «Реал» Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден испандық «Атлетиконы» жеңіп, 11-інші рет жеңімпаз атанды.
None
None

Кездесу Миланда, 80 мың адамға арналған «Сан-Пиро» стадионында өтті.

Матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды - 1:1.

Гол салғандар - «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос (15-інші минут). «Атлетико» жартылау қорғаушысы Янник Феррейры-Каррасконың (79) дәл соққысымен жауап берді. 48-інші минутта «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Антуан Гризманн өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол тепкен доп қақпаның маңдайшасына тиді.
Матч соңындағы пенальтиде «Реал» ойыншыларының соққылары қарсыластарына қарағанда дәлрек болды. Жалпы есеп - 5:3.

"Реал" Чемпиондар ликасындағы жеңістер саны бойынша рекортшы атанып отыр. Мадридтік команда ең айтулы еуропалық клубтық турнирдің он бірінші рет жеңімпазы атанды.

Бұл Еуропадағы осы турнирді қатарынан бес рет жеңген ( 1956 жылдан 1960 жылдар кезеңі аралығында) жалғыз клуб.

Соңғы жаңалықтар