Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушы Анхель Ди Марияны сату жөнінде екі ұсыныс алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» 26 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысын 60 миллион еуроға сатып алмақ, деп жазады kazsporttv.kz.
Басылым мәліметінше, Ди Марияға үміткерлердің арасында, «Арсенал», «Манчестер Сити» және «Монако» бар. Олар футболшыға 50 миллион еуро беруге дайын.
Ал «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти ойыншыны өзге клубқа жібергісі келмейді. Дегенмен, италиялық маман 60 миллион еуро пайда тауып, оны Джеймс Родригес үшін жұмсауға ниетті.