Мадуро ФИФА президентігіне Марадонаны ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро ФИФА президентігіне аргентиналық футболшы Диего Марадонаны сайлауды ұсынды.
None
None

«ФИФА президенті Диего Армандо Марадона немесе соған деңгейлес тұлға болуы тиіс», - деді ол. Мадуроның айтуынша, аргентиналық футболшы он жыл бойы ФИФА басшылығын әшкерелеп келді. «Ал олар (ФИФА) оны қорқытып, келеке еткен», - деді Николас Мадуро. Марадона 2013 жылы обыр дертінен көз жұмған Венесуэла көшбасшысы Уго Чавестің досы болған. Сейсенбіде ФИФА президенті Зепп Блаттер Цюрихте баспасөз конференциясында отставкаға кететінін мәлімдеп, таяу уақытта бұл ұйымға басшы жаңадан сайланатынын хабарлаған. Блаттердің айтуынша, ол өз кандидатурасын ұсынбайды, алайда сайлауға дейін ФИФА президентінің міндетін атқаратын болады. Өткен аптада ФИФА-ның бірнеше жоғарыда тұрған шенеуніктері сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен тұтқындалған. Блаттер бұл жанжалға дейін ФИФА президенттігінің орынтағына бесінші рет сайланған. Алайда, көпшілік оның отставкаға кетуін талап етті.

Соңғы жаңалықтар