«МАЭК» қызметкерлері Президентке жолданған видеоүндеудегі ақпаратты жоққа шығарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – МАЭК жауапкершілігі шектеулі серіктесті бөлімшелерінің қызметкерлері Мемлекет басшысының атына жолданып, желіде тараған бейнежаздағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейнежазбада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қатысты тексерілмеген және сенімсіз ақпараттарға жол берілген. Бұл зауыт жұмысшыларының жұмыс сапасына әсер етеді. Кәсіпорын жұмысшылары зауыттың тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Қолданыстағы техниканың тозуына байланысты төтенше жағдайдың болғаны жасырын емес, бірақ ол тез арада жойылады. Зауыт басшылығы облыс әкімдігімен бірлесе отырып, зауыт жұмысын қаржыландырып, қолдау көрсету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Әлеуметтік желіде тараған сенімсіз ақпарат энергетикалық кешеннің жұмысына кері әсерін тигізеді», - дейді «МАЭК» ЖШС жөндеу зауыты бас инженерінің орынбасары Қалижан Қабдулов.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері электр станциясының басшылығы кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, онда еңбек құқығын қорғауды жақсарту мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Электр стансасындағы қызметкерлердің проблемалық және әлеуметтік маңызы бар мәселелерін қарау және шешу үшін қоғамдық кеңес те құрылып, отырысы ай сайын өткізіледі.

Кәсіпорын басшылығы апта сайын азаматтар мен қызметкерлерді қабылдау жүргізеді. Telegram чаты ашылды, онда қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айта алады.

Бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС 3627 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда білікті мамандар бар, өз кезегінде ол зауыт объектілерінің өндірістік жабдықтарына қажетті жөндеу жұмыстарын талапқа сай жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұжым қызметкерлері облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеп, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты болуы керектігін атап өтті.

Бүгінгі күні МАЭК-те «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» үкіметтік емес ұйымдар және «Ынтымақ» бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардың кейбір қатысушылары бірнеше бейне хабарламалардың авторлары болды.

МАЭК жұмысшыларының орташа жалақысы 271 000 теңгені құрайды. 2022 жылдың наурыз айында өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға (зауыт басқармасының басшылары мен қызметкерлерін қоспағанда) ұлғайтылды. Мемлекеттік және кәсіптік қызметкерлерге бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы мен үстемеақы төлеу мәселесі қарастырылды. Одан бөлек, мереке күндері 10 және 25 айлық еместік көрсеткіш (АЕК) көлемінде ақы төлеу шешілді.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап кәсіпорын басшылығы кәсіподақ өкілдері мен қызметкерлердің қатысуымен тұрақты негізде кеңестер өткізіп, онда еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту мәселелері талқыланады.

Сонымен, кездесулердің қорытындысы бойынша жетілдіру бағытында келесі мәселелер қолға алынды:

- 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап аз жалақы алатын 540 жұмысшының жалақысы 35%-ға өсті.

- қызметкер қайтыс болған жағдайда бір жолғы материалдық көмектің мөлшері 100 АЕК-ке, ал қызметкердің отбасы мүшелеріне 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

- бастапқы некеге тұру үшін 30 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілді;

- энергетик күніне сыйлықақы мөлшері 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

- Қазақстан Республикасының күніне 25 АЕК мөлшерінде сыйлықақы төлеу енгізілді.


Соңғы жаңалықтар