«МАЭК» ЖШС бас директоры қызметінен кетті

Жасұлан Сүйіншалиев
Фото: «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметі

«МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев қызметінен кетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

- 14 желтоқсаннан бастап Жасұлан Сүйіншәлиев денсаулық жағдайы бойынша бас директор қызметінен кетті. Жаңа тағайындау әлі болған жоқ, делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салсақ, бұл қызметке Жасұлан Сүйіншәлиев 2022 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар