Мафияның серкесі Аль Капоненің үйі бәссаудаға шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майами-Бичте кезінде мафияның серкесі болған Аль Капоне тұрған зәулім үй бәссаудаға шығарылды, деп хабарлайды Reuters.

Мафияның серкесі Аль Капоненің үйі бәссаудаға шығарылды

Алғашқы баға 8, 5 млн долларды құрайды. Сатушылар Алькатрос түрмесінен шыққаннан кейін Капоне өмірінің соңғы жылдарын осы үйде өткізген деген сенімде. Жалпы аумағы 930 шаршы шақырымды алып жатқан жер Палм-Айленд аралында, Майами іскерлер орталығы мен Сайт-Бич курортты ауданы аралығында орналасқан. Капоне Майамиде тұрған кезінде өзіне бедел жинау үшін жергілікті тұрғындарға Флорида штатының заңдарын бұзбауға уәде берген көрінеді. Ол сондай-ақ негізгі саяси тұлғаларды ақшаның күшімен өзіне тартқан.

Ал кең сарайдай үйін биік бетонды қабырғалармен қоршап нағыз қамалға айналдырды.