08:39, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Магаданда жолаушылар ұшағы автомобильмен соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Магадан әуежайында «Аврора» авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы жүк таситын автомобильмен соқтығысып бүлінді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Осы оқиғаға байланысты Магадан-Хабаров-Владивосток рейсі алынып тасталды, деп хабарлады авиакомпанияның өкілі.
«Жерүсті қызметін көрсету үстінде жүк машинасы Airbus А319 ұшағымен соқтығысты, оның салдарынан әуе кемесінің герматикасына нұқсан келді. Апат салдарынан 31 тамызда Магадан-Хабаров-Владивосток рейсі тоқтатылды», - деп хабарлады сұхбаттасушы.
Дереккөздің мәліметіне қарағанда, жолаушылар (61 адам) қонақүйлерге орналастырылып, ыстық тағаммен қамтамасыз етілген. Таяудағы уақытта олар баратын жерлеріне аттанады.
Магадан әуежайында оқиғаның мән-жайы мен себептерін тексеретін арнайы комиссия құрылды.