Маған мексикалықтардың эмоциясы ұнайды - Головкин

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына жасаған пресс-туры барысында Геннадий Головкин келесі қарсыласы Сауль Альвареспен бірге баспасөз мәслиxатын өткізіп, сан алуан бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маған мексикалықтардың эмоциясы ұнайды - Головкин

Геннадий Головкиннің айтуынша, бапкері Абель Санчес оны "мексикалық стильге" үйретті. Сондай-ақ, ол Мексикадағы өз жанкүйерлерін қатты құрметтейді. "Олар - фанат емес, менің достарым. Мен оларды қатты сыйлаймын. Мен олардың боксты қатты жақсы көретінін білемін. Маған мексикалықтардың энергиясы, эмоциясы ұнайды. Олар - бокстың шынайы жанкүйерлері. Сен Мексикадан шықтың ба? Кеңес одағында тудың ба? Оған қарамайды. Себебі олар - нағыз фанаттар", - дейді Головкин.

Лос-Анджелесте өткен пресс-тур кезінде Головкинге қолдау білдіріп, ""Triple G!" деп айқайлап тұрған мексикалықтардың аз емес екенін байқауға болады. Олардың ішінде қазақтар да бар.